Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды
28 қазанда түнде Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман, көктайғақ болады
Синоптиктер 28 қазанда Қазақстанның жеті облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ескерту жариялады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 20 м/с жетеді.
28 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман болады деп болжанады. Таулы аудандарда шығыстан соққан желдің екпіні 20 м/с құрайды.
Қызылорда облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
28 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз батыстан, түнде облыстың шығысында оңтүстік-батыс. Күндіз облыстың шығысында солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз Петропавлда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды деп болжанады.
28 қазанда түнде Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман, көктайғақ болады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ойыса жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
28 қазанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Алакөл ауданында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с дейін жетеді.