БҚО-да 51 жастағы ер адам жас жігітті пышақтап өлтірді

Халық үні

Мүрде Орал қаласындағы мәйітханаға сот-медициналық сараптамаға жіберілді

фото: inform.kz

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жас жігітті пышақтап өлтірді, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

ПД-нің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 қазан күні Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында болды.

«Түнгі сағат 01.00-де 51 жастағы тұрғын Х.Есенжанов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында аяқ астынан 1996 жылғы жігітпен сөзге келген. Содан кейін оның жүрек тұсына пышақ сұққан. Соның салдарынан 26 жастағы тұрғын аудандық орталық ауруханаға жетпестен қайтыс болды. Мүрде Орал қаласындағы мәйітханаға сот-медициналық сараптамаға жіберілді», деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.