×

Ақшасын теңгемен жинаған адамдардың депозит мөлшерлемесі өседі

Елде 5 млн депозит иесінің сыйақы алуға мүмкіндігі бар

 Халық үні 27.10.2022 | 21:37
фото: ашық дереккөзден

Бүгіннен бастап ақшасын теңгемен жинаған адамдардың депозит мөлшерлемесі өседі. Демек қазан және қараша айындағы азаматтардың жинағы бойынша 3 және 6 айға ұсынылған мөлшерлеме 17,5 пайызға көтерілді, деп хабарлайды Qazaqstan.tv. 

Депозиттерге кепілдік беру қоры бұл Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені көтерген соң іске асқанын хабарлады.

Жарты жыл немесе бір жылдық жинақ депозиті үшін мөлшерлеме 13-15 пайыз деңгейінде қалады.

Депозитте ақшасын ұлттық валютамен жинаған адамдардың келер жылы 10% сыйақы алады. Елде 5 млн депозит иесінің сыйақы алуға мүмкіндігі бар. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама