Ақтөбеде екі адамды қинап өлтірген: ІІМ қылмыстық іске қатысты мәлімдеме жасады
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында екі азаматты өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығын анықтады деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген 3 күдіктіні ұстаған болатын.
Облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елді мекендердің бірінде тағы 6 күдікті ұсталды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.