Қазақтың жас теннисшілері әлемдегі үздік ойыншылардың қатарына кірді
Аружан Сағындықова мен Сандуғаш Кенжебаева жүздіктен орын алды
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 және одан кіші жастағылар арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Аружан Сағындықова 77-орынға шықты. Ал Сандуғаш Кенжебаева 79-орыннан 78-орынға көтерілді. Осы екі теннисшіміз әлемдегі үздік 100 ойыншының қатарына кірді.
Бұдан басқа Жанель Рүстемова 147-орынға жайғасты. Дана Байдәулет 167-орынға орналасты. Ол бірден 49 сатыны артқа тастады. Сонымен бірге Еркежан Арыстанбекова 193-ші, Айя Нұпбай 211-сатыға көтерілді. Ол 258-орында болатын. Бір аптаның ішінде Асылжан Арыстанбекова (+10, 213-ракетка) мен Іңкәр Дүйсебай (+33, 459-ракетка) да өз көрсеткіштерін жақсартты.