Донецк, Луганск, Херсон маңында Ресей-Украина шайқасы үдей түсті
Батыс елдері Украинаны қолдауды күшейтті
Украинаның Донецк облысында жергілікті әскер мен Ресей армиясы арасында қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.
Бұған қоса Луганск бағытындағы соғыс белсенді түрде жүріп жатыр. Соңғы мәліметтерге қарағанда, қарсыластар Херсонда кескілескен шайқасқа дайындық жүргізіп жатқан көрінеді.
Рейтер дерегінше, Ресей Қарулы күштері Херсон облысынан кетпей, керісінше, ондағы бекіністерін күшейте түскен.
Әскери сарапшылардың болжамынша, Херсон үшін шайқас 8 айға созылған соғыстың ең маңызды, шешуші сәті болмақ. Сол себепті, батыс елдері Украинаны қолдауды күшейткен.