Қалған алты қаруды алу үшін күте тұруға тура келеді
АҚШ Қорғаныс министрлігі әуе қорғанысының NASAMS жүйесінің екі қондырғысын Украинаға жеткізіп береді. Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.
«Raytheon Technologies компаниясы Украина үшін NASAMS жүйесінің екі зенит-ракета қондырғысын бірінші рет арнайы жасап, оларды Үкіметке тапсырды», – делінген хабарламада.
Біз қазір ғана NASAMS-тың екі жүйесін жасап шығардық. Олар таяу уақытта Украинаға жеткізіледі, – деді Raytheon Technologies компаниясының бас директоры Грег Хейс, CNBC телеарнасының эфирінде.
Оның айтуынша, NASAMS қондырғысына «аспанда жүрген ұшқышсыз ұшақтардан бастап баллистикалық ракеталар мен истребительдерге дейінгінің бәрін атып түсіре беретін» орта қашықтықтағы, жетілдірілген «әуе-әуе» класты AIM-120 ракетасын пайдалануға болады.
Әуе қорғанысының кешені Украинаның энергетикалық нысандарын Ресейдің 10 қазанда жасағандай жосықсыз шабуылдарынан қорғайды. АҚШ Украинаға жалпы 8 NASAMS беруге уәде еткен еді. Пентагон шенеунігінің айтуынша, Украинаға қалған 6 қондырғыны алу үшін күте тұруға тура келеді.