Halyq Uni логотип
×

Әлия Назарбаеваның «Жасыл даму» компаниясына қатысы бар ма - ресми жауап

Қазақстанда утилизация алымы 50 пайызға төмендейді

 Айнұр Шошаева 24.02.2022 | 12:21
Әлия Назарбаеваның «Жасыл даму» компаниясына қатысы бар ма - ресми жауап
коллаж: Halyq Uni

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Жасыл даму» АҚ басқарма төрайымы Жанат Самат брифинг өткізіп, журналистердің бірқатар сұрағына жауап берді.

БАҚ өкілдері утилизация алымымен айналысатын «Жасыл даму» компаниясының Әлия Назарбаеваға қатысы бар-жоғы жайында сұрақ қойды.

«Жасыл даму» АҚ 100% Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне бағынышты мемлекеттік компания. Компания ешкіммен үлестес емес. Ол тек мемлекетпен ғана байланысты, тек мемлекетке бағынатын компания, -  деді Жанат Самат.

Еске сала кетейік, қаңтар айында Үкімет қаулысымен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының (ӨКМ) функциялары «Жасыл Даму» акционерлік қоғамына берілді. Сонымен қатар, «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің құқықтары тоқтатылған болатын.

23 ақпанда ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр елімізде автомобильдерді кәдеге жарату үшін жаңа төлемақы мөлшерлемелерін жариялап, Қазақстанда утилизация алымы 50 пайызға төмендейтінін айтты. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама