Астанада «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» жиыны өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті
Астанада «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» пішініндегі мемлекет басшыларының бірінші кездесуі өтеді. Оған Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишель мен Орталық Азия елдерінің басшылары қатысады.
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельді «Ақорда» резиденциясында қарсы алды. Қазір Ақордада кездесу болып жатыр. Осыдан кейін «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммиті басталады.
Саммиттің күн тәртібіне сәйкес саяси диалогты дамыту перспективалары, өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту, сауда-экономикалық әріптестік және мәдени-гуманитарлық алмасуларды жандандыру мәселелері талқыланады.