×

URKER-2022 ұлттық бәйгесінің финалистері анықталды

Журналистер арасындағы бәйгенің финалдық кезеңіне «Халық үні» порталының екі тілшісі өтті

 Халық үні 27.10.2022 | 10:20
Фото: Владислав Воднев

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2022» ұлттық бәйгесінің финалистері анықталды. Байқау 13 номинация бойынша өткізіліп жатыр, оның ішінде медиа саласын дамытуға елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғалардың құрметіне 3 арнайы сыйлық бар.

Журналистерден барлығы 544 жұмыс жолданған. Ұлттық бәйгенің финалдық кезеңіне өткендердің арасында Halyq Uni порталының екі тілшісі үш номинация бойынша тізімге енген – Ая Өміртай және Наима Нұрәлі. Шорт-листке енген 52 номинант:

Жылдың үздік сұхбаты:

  • Мейірман Лес – Baribar.kz
  • Тұрсынбек Башаров – Massaget.kz
  • Ая Өміртай – Halyq-uni.kz
  • Жадра Жулмухаметова – BaigeNews.kz

Жылдың үздік репортажы:

  • Анар Қоныс – Aikyn.kz
  • Илья Астахов – Liter.kz
  • Дамира Аугамбаева – Orda.kz
  • Айнаш Хаметжанова – Tengrinews.kz

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы:

  • Мұрат Аяғанов – «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті
  • Гүлшат Сералы – «Астана ақшамы» газеті
  • Наима Нұрәлі – Halyq-uni.kz
  • Бахыт Сарсембаева – «Вечерний Алматы» газеті

Жылдың үздік журналистік зерттеуі:

  • Абзал Токанов – «AIQYN» республикалық газеті
  • Төрехан Данияров – «Алматы ақшамы» газеті
  • Аскар Машаев – «Курсив» газеті
  • Қазбек Құттымұратұлы - «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті

Жылдың үздік аналитикалық материалы:

  • Валентина Қозыбақова – «Маңғыстау» газеті
  • Құралай Құдайберген – inbusiness.kz
  • Ділда Уәлибекова – «Túrkistan» халықаралық газеті
  • Айнура Аханова – Orda.kz

Халықаралық тақырыптағы үздік материалы:

  • Нұрлат Байгенже – «Астана ақшамы» газеті
  • Арман Октябров – «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті
  • Наима Нұрәлі – Halyq-uni.kz
  • Сауле Исабаева – Qmonitor.kz

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

  • BAQ.KZ
  • INBUSINESS.KZ
  • Zakon.kz
  • Express.kz

Радиостанциядағы үздік жоба:

  • «Кешкі Time» – ORDA FM
  • «Ой – түйін» – Qazaq radiosy
  • «Деловое утро» – Business FM
  • «Cover time» – ASTANA FM

Жылдың үздік фотосуреті:

  • Мейірбек Тажкуранов – Zakon.kz
  • Сәкен Ділдахмет – Nege.kz
  • Ернар Алмабек – Massaget.kz
  • Ольга Бугаева – Pavlodarnews.kz

Үздік өңірлік БАҚ:

  • «Saryarqa samaly» газеті
  • «Astana aqshamy» газеті
  • «Атырау» газеті
  • «Алматы ақшамы» газеті

Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия:

  • Динар Керім – «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті
  • Алтынбек Құмырзақұлы – e-history.kz
  • Әйгерім Бегімбет – Еrnur.kz
  • Ирина Галушко – «Экспресс К» газеті

Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия:

  • Бағдагүл Шарғынова – Қазақ радиолары
  • Қымбат Слямбеков – Massaget.kz
  • «Қырғыз әдебиеті» жобасы – «Таң-Шолпан» журналы
  • Наргиз Рахимжанкызы – «Вечерний Алматы» газеті

Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия:

  • Қали Сәрсенбай – «Ана тілі» газеті
  • Қайым-Мұнар Табеев – «Қазақ әдебиеті» газеті
  • Асылан Тілеген – «Ақ желкен» журналы
  • Ғалымжан Елшібай – Оinet.kz

URKER-2022 ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 28 қазан күні анықталып, марапатталады. Іс-шара Астанадағы «Қазмедиа» орталығында өтеді.

Жеңімпаздарға URKER естелік мүсіншесі және 1 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталады.

Байқау ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры. Іс-шараның демеушілері – «Қазақстан» РТРК және «Хабар агенттігі» АҚ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама