Halyq Uni логотип
×

Батыс Қазақстан облысында ер адам 75 жастағы әкесін ұрып өлтірді

Қайғылы оқиға Сырым ауданында болған

 Халық үні 27.10.2022 | 00:46
Батыс Қазақстан облысында ер адам 75 жастағы әкесін ұрып өлтірді
ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында ұлы әкесін ұрып өлтірді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы оқиға Сырым ауданы Қоңыр ауылында болды.

«Есламғалиев көшесіндегі өз үйінде 36 жастағы тұрғын 75-тегі әкесімен бірге арақ ішкен. Содан кейін ұлы әкесін соққыға жыққан. Соның салдарынан қария оқиға орнында көз жұмды. Мүрде Орал қаласындағы сот-медициналық сараптамаға жіберілді», – деп хабарлады полиция департаменті.

Қазіргі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама