×

Риши Сунак – Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі

Бұл қызметке ол король III Карл бекіткеннен кейін келді

 Дастан Жұмабекұлы 26.10.2022 | 12:15
фото: biogr.net

Ұлыбританияның билеуші Консервативтік партиясының лидері Риши Сунак елдің премьер-министрі қызметіне кірісті.

Бұл қызметке Сунак король III Карл бекіткеннен кейін келді. Ол корольден жаңа Үкімет құрамын құрау жөнінде мандат алды. Аудиенция Букингем сарайында өтті.

Енді 42 жастағы Риши Сунак Даунинг-стриттегі премьер резиденциясына барып, Біріккен Корольдік тұрғындарына үндеу жариялайды. Ол 8 қыркүйек күні II Елизавета патшайым қайтыс болғаннан кейін оның тағына отырған ұлы III Карл бекіткен бірінші премьер-министр болып отыр.

Сунак 20 қазан күні өзінің экономикалық саясаты салдарынан Консервативтік партиядағы әріптестерінің наразылықтары өршіп кетуіне байланысты отставка жариялаған Лиз Тасстың Даунинг-Стриттегі орнына келіп отырды. Сөйтіп, бұрынғы премьер-министр өз орынтағында 44 күн ғана болды.

Сунактың премьер-министр болатыны дүйсенбі күні анықталды. Сол күні оның бәсекелестері болып отырған эск-премьер Борис Джонсон мен Британия парламенті қауымдастықтар палатасының лидері Пенни Мордонт өз кандидатураларын алды.

Риши Сунак 1980 жылы 12 мамырда Саутгемптонда дәрігер отбасында туған. Оның ата-анасы Үндістанның Пенджаб жерінен шыққан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама