×

Түркістан облысында шетел азаматы 7 жылға сотталды

Сарыағаш аудандық соты 50 жастағы ер адамға сот үкімін шығарды

 Динара Амантай 26.10.2022 | 11:17
Фото: m.azh.kz

Түркістан облысында шекарадан гашиш өткізген шетелдік 7 жылға түрмеге қамалды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жібек жолы шекарасының бақылап-өткізу бекетінен есірткі өткізген Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Нақтырақ айтсақ, өзбекстандық ер адам Қазақстаннан Өзбекстанға өтер кезде өзімен ірі мөлшерде салмағы 27 грамм болатын гашиш пен 5 грамм марихуана есірткісін заңсыз сақтап, тасымалдап алып өтпек болған.

Тексеру барысында күдіктінің есірткілерді қағаздарға орап, шалбары мен киімінің ішіне жасырғаны белгілі болды. Шекара қызметкерлері брден оқиғаның мән-жайын анықтауға полицейлерді шақырған.

Тәртіп сақшылары табылған айғақты тәркілеп алып, аталған жайтты ҚР ҚК-нің 286-бабы («Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы») мен ҚК-нің 296-бабы («Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») бойынша тіркеуге алды. Іс құжаттарын жинақталып, сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сарыағаш аудандық соты 50 жастағы өзбекстандықты екі бірдей бап бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама