×

Бүгін Байқоңырдан «Союз-2.1а» зымыран тасымалдағышы ұшырылды

Ғарыш станциясына жеткенше жерді 34 рет айналып шығады

 Еркеғали Болатұлы 26.10.2022 | 10:30
фото: ашық дереккөз

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-21» көлік жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран тасымалдағышы ұшырылды.

«Союз-2.1а» зымыраны «Прогресс МС-21» жүк кемесін жер маңы орбитасына шығарды. Енді ол Халықаралық ғарыш станциясына екі күн бойы өз бетінше ұшуы керек.

Зымыран Байқоңыр ғарыш айлағынан бүгін Мәскеу уақытымен 03:20-да ұшырылды. Орбитаға шығарылғаннан кейін «Прогресс» халықаралық ғарыш станциясына жеткенше жерді 34 рет айналып шығады. Жүк кемесі станцияға 28 қазанда Мәскеу уақыты бойынша 5:50-де түйіседі деп жоспарланған.

Кеме орбитада 8 ай болады. Кеменің сыртқы элементтері, яғни антенналар мен күн батареялары толығымен ашылды.

«Прогресс МС-21» халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тоннадан аса жүк – станцияға отын, ауыз су, халықаралық ғарыш станциясында атмосфераны ұстап тұруға арналған азот, ресейлік сегмент жүйелеріне арналған ресурстық жабдықтар, жеке қорғаныс құралдары, медициналық бақылау және санитарлық-гигиеналық, гигиеналық жабдықтар, жаңа киімдер, азық-түлік жеткізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама