×

«Бурдж-Халифаның» сыртында Қазақстанның туы бейнеленді

Ғимарат 2007 жылы салынған

 Дастан Жұмабекұлы 26.10.2022 | 09:39
фото: Instagram.com

Дүниежүзіндегі ең биік ғимарат – Бурдж-Халифаның сыртында Қазақстан туы бейнеленді.

«Бүгін кешке «Бурдж-Халифа» Қазақстан Республикасының құрметіне жағылады. Халқына гүлдену және бейбітшілік тілейміз», - делінген «Бурдж-Халифа» ғимаратының Instagram-парақшасында.

«Бурдж Халифа» көпқабатты ғимарат Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында орналасқан. Оның биіктігі – 828 метр. 163 қабаттан тұрады. Ол әлемдегі ең биік және ең көпқабатты ғимарат.

25 қазан күні елімізде Республика күні атап өтілді. Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды биыл жазда Ұлытау өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын. 25 қыркүйекте президент тиісті заңға қол қойды.

«Бурдж-Халифа» 2007 жылы салынған. 2010 жылға дейін «Бурдж-Дубай» («Дубай мұнарасы») деп аталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама