Алматыда жоғалып кеткен бір үйдің үш баласы тау арасынан табылды
Олардың үшеуі де аман-есен
Алматыда бір үйдің 3 баласы із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы блогер Дәулет Мұқаев instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оның айтуынша, жасөспірімдер 25 қазан 10:00 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған.
Алматылықтар, дабыл! Бір үйдің 3 баласы жоғалды. Арман, Иманғали, Ақеркені көрген-білгендер болса полицияға хабарласыңыздар. 25 қазан таңғы 10-дар шамасында үйден шығып кеткен. Үйлері негізі Талғар жақтағы Бесағашта. Соңғы рет Думан ықшам ауданындағы дүкеннен пирожки алған екен. Содан бері ешкім көрмеген. Ақеркенің үстінде қызғылт куртка, екі ұл қара қуртка киген. Телефондары жоқ. Әкесінің нөмірі: 8 (701) 413-49-70, - деп жазды ол.
Арада бір күн өткен соң Дәулет Мұқаев елден сүйінші сұрап, балалардың тау арасынан табылғанын хабарлады. Жоғалған балалардың үшеуі де аман-есен.