Halyq Uni логотип
×

Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын болуы мүмкін

 Халық үні 25.10.2022 | 22:53
Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды
фото: Qazaqstan.tv

«Қазгидромет» синоптиктері бірнеше өңірде дабылды ескерту жариялады.

26 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с дейін жетеді. Көкшетау қ.: 26 қазанда күндіз тұман, көктайғақ болады.

26 қазан күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 23 м/с болады. Қызылорда қаласында 26 қазанда жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с болады.

Түнде және таңертен 25 қазанда Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с дейін жетеді.

26 қазанда күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қаласында 26 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

26 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. Таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында – 25 м/с.  Шымкент қаласында 26 қазанда түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні – 15-20 м/с. Түркістан қаласында 26 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні – 15-20 м/с.

26 қазанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ боалды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с.

26 қазанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с, күндіз – 15-20, екпіні – 23-28 м/с. Қостанай қаласында 26 қазанда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с болады.

26 қазанда күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

26 қазанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Орал қаласында 26 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама