Halyq Uni логотип
×

«Қан жағылған мата бар»: Дуаланғанын айтқан атыраулық бейіт басынан күмәнді заттар тауып алды (ФОТО)

Қағазда адамның атынан бөлек оның жұмыс орны, ЖСН нөмірі, көліктің нөмірі көрсетілген

 Халық үні 25.10.2022 | 19:39
«Қан жағылған мата бар»: Дуаланғанын айтқан атыраулық бейіт басынан күмәнді заттар тауып алды (ФОТО)
фото: azh.kz

Әлеуметтік желіде Атыраудағы бейіт басында түсірілген бейнежазба жарияланды. Белгісіз әйел өзінің дуаланғанын айтып, қабір басын көрсеткен, деп жазады Ақ жайық.

Қабірдің жанынан бірнеше адамның аты жазылған қағаздар, қасық, көзілдірік, қан жағылған маталар табылды. Қағазда адамның атынан бөлек оның жұмыс орны, ЖСН нөмірі, көліктің нөмірі көрсетілген. 

«Дуалауға адамның жеке заттарын пайдаланады. Осылай адамдардың тағдырын бұзады, отбасымен араздастырады», - дейді кадр сыртындағы дауыс. 

Бұл бейнежазба ел арасында қызу талқыға түсті. ҚМДБ Атырау облыстық филиалындағылар оларға әзірге мұндай арыз-шағым түспегенін айтады.

Ал Полиция департаменті «жиналған құжаттар Атырау облыстық дін істері басқармасына жолданды» деп хабарлады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама