Halyq Uni логотип
×

COVID-19-дың өлімге әкелетін жаңа штамы пайда болады – фейк

Ақпаратты тек сенімді дереккөзінен оқыңыз

 Дәурен Ерболат 25.10.2022 | 17:25
COVID-19-дың өлімге әкелетін жаңа штамы пайда болады – фейк
Фото: ТАСС

Telegram пайдаланушылары 2023 жылғы шілдеде әлемде короновирустың өлімге әкелетін жаңа штамы шығып, жаңа ауру – COVID-23 пайда болады-мыс. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Stopfake.kz.

Қастандық теориясын жақтаушылар болжамның «дәлелі» ретінде көркем фильмді және The Economist журналының мұқабасын алға тартады.

Фильм «Птица в клетке. Заражение» деп аталады. Ол 2020 жылы COVID-19 пандемиясы өршіген кезде шыққан. Онда 2023 жылы ауыр дерттің пайда болғаны, сондай-ақ 2024 жылы қоғамның түбегейлі өзгергені туралы айтылады. Салдарынан ірі қалаларда қатаң локдаун жарияланып, науқастар оқшаулау аймақтарына жіберіледі. Осылайша, фильмді түсіргендер млн-даған адамның өмірін қиған ауру арқылы өз атын шығармақ болған.

Сондай-ақ олар карантин шектеуі мен денсаулық сақтау жүйесінің жұмысы туралы қате түсінік қалыптастырды деп айыпталды.

The Economist журналының мұқабасына тоқталайық. Онда да жаңа коронавирус пандемиясы болады деп болжам жасалмаған. Пайдаланушылар сілтеме жасаған басылым 2021 жылғы 13 желтоқсанда шыққан. Онда өткен жыл қорытындыланып, келесі жылдың қандай болатыны туралы болжам жазылған.

Журналдың мұқабасында бұрын болған оқиғалардың белгілері мен адамдар бар. Мысалы, SARS-CoV-2 вирусының суреті жаңа пандемияның болатынын емес, пандемияның бейнесі болып саналады, - деп жазды Stopfake.kz.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама