Қазылар алқасының құрамында белгілі мәдениет пен өнер қайраткерлері болды
Республика күніне орай композиторлар мен ақындар арасында өткен балалар әні мен поэзиясына арналған «Жас өрен» республикалық байқауында кімдер жеңіске жеткені белгілі болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылған конкурс 2022 жылғы 15 шілдесі мен 15 қазаны аралығында өтті.
Байқауға ұсынылған 204 шығарманың 133 поэзия, 71 ән жанрында болды. Конкурстың қазылар алқасы құрамына еңбек сіңірген белгілі мәдениет пен өнер және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік ұйым өкілдері кірді.
Байқаудың бас жүлдесі Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы хор дирижерлеу бөлімінің түлегі, композитор Эльмира Дехганиге бұйырды.
«Балаларға арналған ән» аталымы бойынша
«Балалар поэзиясы» аталымында
Сондай-ақ Ольга Каплун, Айсұлу Тани, Құрмет Сақай, Алпысбай Хонж, Қуат Ахетов, Сағыныш Намазшамова байқаудың дипломанты атанды.
«Жас өрен» республикалық байқауының лауреаттары мен дипломанттарын марапаттау рәсімі Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік гала-концертте өтеді деп жоспарланған.