Ол Астананың мәнді бастамалары халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын айтты
Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады.
Беларусь пен Қазақстан арасындағы достық пен сенімге негізделген уақыт сынынан өткен қарым-қатынастар азаматтарымыздың игілігі үшін дами беретініне сенімдімін, - деп жазылған құттықтауда.
Лукашенко бүгінде Қазақстанның бейбітшілікке негізделген сыртқы саясат қағидаттарын берік ұстанатынын, өзара түсіністік пен тату көршілікті нығайтуға жан-жақты үлес қосып отырғанын жеткізді.
Ол Астананың мәнді бастамалары халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және адамзаттың жаһандық мәселелерін шешуде маңызды рөл атқаратынын айтты.