Қостанайда автобус жүргізушісі 12 жастағы қызды қағып кетті
Қайғылы оқиға 24 қазанда түстен кейін болған
Қостанайда қала орталығында қызды автобус қағып кетті. Қайғылы оқиға 24 қазанда түстен кейін Абай даңғылында болған.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері қыздың қайтыс болғанын тіркеді.
«24 қазанда Қостанай қаласында әл-Фараби және Абай даңғылы қиылысында автобус жүргізушісі жолдан өтіп жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен», - деп хабарлады жергілікті полиция.
Марқұмның жеке-басы анықталды. Оның 12 жастағы жасөспірім екені белгілі.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы («Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Жергілікті Alau.kz сайтының хабарлауынша, автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.