Көкшетаудағы бардың дәретханасында осы суретті жабыстырған тұлғалар мен суреттің авторын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр
Көкшетаудағы «Мята» атты көңіл көтеретін мекеменің дәретханасында жамбасына «Қазақстан» деп жазылған жалаңаш қыздың суреті қойылған. Оқиғаға қатысты тергеу басталды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Ақмола облысы ПД әлеуметтік желі арқылы бұл жазбаны белгілеген. Бұл материал шағымдар мен өтініштер кітабында тіркелді. Көкшетаудағы бардың дәретханасында осы суретті жабыстырған тұлғалар мен суреттің авторын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - деп жауап берді агенттіктің ресми сауалына өңірлік ПД.
Бұдан бұрын қазақстандықтар «Мята» барындағы дәретханада ілінген суретке наразылық білдіріп, оны қызу талқылады. Жамбасына «Қазақстан» деп жазылған жалаңаш қыздың суретінің астында кіші дәретке отырып болған соң «KVZVKHSTAN»-ды тауып ал деп жазылған. Көпшілік осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізуді талап етіп отыр. Ал мекеме әкімшілігі дәретханасындағы суретке қатысы жоқ екенін, оны бөтен адамдар жабыстырып кеткенін мәлімдеді.