Оралда әйел 3 кішкентай баласымен аялдамада қонып шыққан
Оқиғаның мән-жайы анықталған соң әйел 3 баласымен полиция басқармасына жеткізілді
Оралда әйел 3 кішкентай баласымен автобус аялдамасында қонып шыққан. Бұл жағдайды учаскелік полицей байқап қалған, деп хабарлады "Мой город" порталы.
Отбасы Ет комбинаты ауданындағы аялдамада қонған. Басылымның хабарлауынша, сол түні далада ауа температурасы нөлден төмен болған.
БҚО Полиция департаменті әйелдің баратын жері болмағанын айтады.
«Оқиғаның мән-жайы анықталған соң әйел 3 баласымен полиция басқармасына жеткізілді. 4 жасар егіз балалар Балаларды қолдау орталығына жіберілсе, 11 айлық сәби ауруханаға жатқызылды. Сәбидің денсаулығы тексеріледі, ал анасы жұмысқа орналастырылады», – делінген хабарламада.
Полицейлер әйелдің ішімдік ішпейтінін мәлімдеді.