Екібастұзда ер адам өртеніп жатқан үйден 2 баланы алып шықты
Ер адам төртінші қабаттағы түтін шығып жатқан пәтердің балконына баспалдақпен көтеріліп, балаларды төмен түсірген
Ер адам төртінші қабаттағы түтін шығып жатқан пәтердің балконына баспалдақпен көтеріліп, балаларды төмен түсірген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Кәмелетке толмаған балаларды құтқарған 37 жаста ер адамның есімі Азамат Смағұлов.
«Сәтбаев көшесімен келе жатып, түтін шығып жатқанын және балконда балалар тұрғанын көрдім. Мен өз еркіммен көтерілдім. Өйткені өзім де төрт баланың әкесімін», - дейді ер адам.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 23 қазан күні сағат 12.15-те Сәтбаев көшесі, 37-үйде шыққан.
«9 қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанған. Өрт салдарынан 1988 және 1989 жылы туған ер адамдар мен 32 жастағы әйел күйік шалып, ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.