Әлеуметтік желіде ер адам қазақстандықтар мен ел басшылығына тіл тигізген
Қазақстандықтарға тіл тигізген Қарағанды қаласының тұрғыны алауыздықты қоздыру күдігі бойынша ұсталды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам қазақстандықтар мен ел басшылығына тіл тигізген. Сонымен қатар Владимир Путин бастаған Ресейдің әрекеттеріне қолдау білдіретіні туралы айтқан.