Halyq Uni логотип
×

ШҚО прокуратурасы Риддердегі ЖЭО басшылығына қатысты тексеруді бастады

Мекемедегі төтенше жағдайдың салдарынан халық жылусыз қалды

 Динара Амантай 24.10.2022 | 15:16
ШҚО прокуратурасы Риддердегі ЖЭО басшылығына қатысты тексеруді бастады
Фото: Halyq Uni

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Риддердегі Жылу электр орталығының басшылығына қатысты тексеруді бастады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Риддер қаласындағы Жылу электр орталығында болған төтенше жағдайға байланысты жедел штаб құрылған. Облыс әкімдігінің мәліметінше, мәселе аймақ басшысы Даниал Ахметовтың жеке бақылауында.

ШҚО прокуратурасы жылу электр орталығының басшылығына қатысты тексеруді бастады. Халықтың алаңдауына еш негіз жоқ. Орталық қазандықтарын іске қосу алгоритмі әзірленген, - делінген ақпаратта.

Еске сала кетсек, кеше Риддердегі жылу электр орталығында төтенше жағдай болды. Қазандықтар жұмысын тоқтатып, халық жылусыз қалған болатын. Орталықтағы төтенше жағдай сапасыз мазут салдарынан болғаны анықталды. ЖЭО басшылығының салғырттығынан мазут дұрыс тексерілмеген. Белгілі болғандай, оған су қосылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама