Ақтөбе облысында қоқыстан нәрестенің денесі табылды
Қазір баланың анасы анықталып жатыр
Ақтөбе облысында қоқыс полигонынан пакетке салынған нәрестенің денесі табылды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 23 қазан күні Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне Бадамша ауылы маңы «Рождество – Дөң» тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонында қара полиэтилен пакетке салынған нәрестенің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабымен («Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.