Шымкентте ресейліктер сенбілік өткізді
Осылайша келушілер жергілікті тұрғындарға қонақжайлылығы үшін алғыстарын білдірді
Оңтүстік мегаполисте ресейліктер жаппай сенбілік ұйымдастырды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Республика күні қарсаңында елімізге Ресей Федерациясынан келген 40-қа жуық азамат қолдарына сыпырғыш, тырма, күрек алып, Шымкент қаласында орналасқан Дендросаябақта жаппай сенбілік ұйымдастырды. Тазалық акциясына қатысқан ресейліктердің негізгі бөлігі 25-35 жас шамасындағы ер адамдар, олардың арасында әйелдер, тіпті кішкентай балалар да бар.
Сенбілікке шыққандар қалалық саябақты қоқыстан және жерге түскен жапырақтардан тазартты.
Фотосуретке қарағанда біраз жұмыс жасалған секілді.