Ақтауда қала әкімдігі тұрғындарға сый жасады

Динара Амантай

Мерекеде тегін жүретін маршруттардың тізімі жарияланды

Фото: @aktau_akimat

Ақтау қаласының тұрғындары Республика күніне орай 25 қазан күні автобуста тегін қатынайды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, 25 қазан күні Ақтау қаласында №2, 3, 4, 4А, 5, 7, 8 маршруттарымен қатынау тегін болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда мерекеге орай қала және шаһар маңындағы елді мекендердегі барлық қоғамдық көліктер тасымалды тегін жүргізетіні туралы хабарлаған болатынбыз.