Ақтауда қала әкімдігі тұрғындарға сый жасады
Мерекеде тегін жүретін маршруттардың тізімі жарияланды
Ақтау қаласының тұрғындары Республика күніне орай 25 қазан күні автобуста тегін қатынайды деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қала әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, 25 қазан күні Ақтау қаласында №2, 3, 4, 4А, 5, 7, 8 маршруттарымен қатынау тегін болады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда мерекеге орай қала және шаһар маңындағы елді мекендердегі барлық қоғамдық көліктер тасымалды тегін жүргізетіні туралы хабарлаған болатынбыз.