Тараған хабарда одан тапанша табылғаны айтылады
Әлеуметтік желілерде және түрлі БАҚ-та Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкері Е.Д.Нұрғазы есімді азаматты полиция ұстағаны туралы жаңалық тараған болатын.
Тараған хабарда одан тапанша табылғаны айтылады.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Нұрғазы Е.Д. қаржылық мониторинг органдарының қызметкері болмаған және қазіргі уақытта бізде мұндай қызметкер жұмыс істемейді» деп мәлім етті агенттік.