Оралда 2 жігіт Ресей азаматын ашықтан-ашық тонап кеткен

Халық үні

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

фото: sputnik.kz

Орал қаласында 1992 және 1994 жылы туған екі жігіт Ресей азаматын тонап кетті, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті. 

Полиция департаментінің мәліметінше, Оқиға 19 қазанда сағат 19:00 шамасында болған.

«Орал қаласының 1992 және 1994 жылы туған екі тұрғыны Мәметова көшесіндегі «ҚазИТУ» университетінің аумағында зорлық-зомбылық қолдану қаупімен РФ-ның 26 жастағы азаматына тиесілі 170 000 теңге, 17 000 рубль сомасын ашық түрде ұрлап, сондай-ақ ұялы телефоннан белгісіз шотқа 15000 рубль аударып, оқиға орнына қашып кеткен», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191 бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.