Оралда 2 жігіт Ресей азаматын ашықтан-ашық тонап кеткен
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды
Орал қаласында 1992 және 1994 жылы туған екі жігіт Ресей азаматын тонап кетті, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.
Полиция департаментінің мәліметінше, Оқиға 19 қазанда сағат 19:00 шамасында болған.
«Орал қаласының 1992 және 1994 жылы туған екі тұрғыны Мәметова көшесіндегі «ҚазИТУ» университетінің аумағында зорлық-зомбылық қолдану қаупімен РФ-ның 26 жастағы азаматына тиесілі 170 000 теңге, 17 000 рубль сомасын ашық түрде ұрлап, сондай-ақ ұялы телефоннан белгісіз шотқа 15000 рубль аударып, оқиға орнына қашып кеткен», делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191 бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.