Halyq Uni логотип
×

Әділбек Жақсыбеков пен Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz директорлар кеңесінен кетті

QazaqGaz директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

 Ербол Тұрымбет 23.02.2022 | 18:33
Әділбек Жақсыбеков пен Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz директорлар кеңесінен кетті
фото: Halyq Uni

«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешіміне сәйкес QazaqGaz ұлттық компаниясы АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Шешімге сәйкес, Әділбек Жақсыбеков, Қайрат Шәріпбаев және Мәлік Сәулебайдың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Сондай-ақ, Ернат Бердіғұлов пен Николай Казутин компанияның директорлар кеңесінің мүшесі болған. QazaqGaz директорлар кеңесінің жаңа төрағасы болып Ернат Бердіғұлов сайланған.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «QazaqGaz» ҰК» АҚ директорлар кеңесі төрт адамнан тұрады: Е.К. Бердіғұлов, Н.Ю. Казутин, А.А. Нұрғазиев, С.Ж. Жаманбалин.

Газ саласындағы қызметті жүзеге асыратын QazaqGaz және оның еншілес және тәуелді ұйымдары «Самұрық-Қазына» АҚ құрамында тік интеграцияланған компаниялар тобын құрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама