×

«Путин – супер красавчик!». Атышулы Рамиль Мухоряповтың тағы бір пікірі жарияланды

Мен Ресейден мүлде қорықпаймын дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 23.10.2022 | 12:20
фото: дереккөз

Қазақ тілінде сөйлесуді мәдениетсіздікке балаған Chocofamily компаниясының негізін қалаушы Рамиль Мухоряповтың Ресейді қолдаған пікірі табылды деп хабарлады Адырна.

Нақты айтқанда, SHOCK krg Telegram арнасында Рамиль Мухоряповтың желі қолданушыларына Путинді мақтап, Ресейді қолдайтынын білдірген пікірі жүр.

«Ресей үшін Путин – супер красавчик! Ресей – адамдар мен мүмкіндіктер үшін керемет ел. Мен сонда 8 жыл тұрдым, білемін. Бірақ кейбір адамдар бәрін құртады.

Мен Ресейден мүлде қорықпаймын. Ертең елімізде қандай да бір ислам радикалдары соғыс ұйымдастырса, олар Ресейдің барына қуанар еді. Өйткені ертең елден шығарамыз десе, екі жақты жою қажет. Бірақ кейбір исламшыларды немесе қытайларды жою өте қиын болады, - деген пікір білдірген ол.

Еске сала кетек, Chocofamily компаниясының негізін қалаушы Рамиль Мухоряповтың қазақ тілінде сөйлесуді мәдениетсіздік деп санаған видеосы кеңінен тарап кеткен болатын. Содан кейін қазақстандықтар Choco өнімдері мен қызметтеріне бойкот жариялады. Кейін Рамиль Мухоряпов халықтан кешірім сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама