Екі колледждің студенттері жанжалдасып қалғаны анықталды
Алматы полициясы жастар арасындағы жаппай төбелесті тоқтатты.
22 қазанда 102 арнасына Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында бір топ жас арасында болып жатқан төбелес туралы хабарлама келіп түсті.
Дабылға бірінші болып патрульдік полиция экипаждары жауап берді. Олар төбелесті тоқтатты.
Екі колледждің студенттері жанжалдасып қалғаны анықталды. Зардап шеккендер жоқ.
«Осы факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігімен (бұзақылық) қылмыстық іс тіркелді. Төбелеске қатысушының әрқайсысының іс-әрекетіне Қазақстан заңнамасына сәйкес шара қабылдана отырып, құқықтық баға беріледі», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.