СҚО мен Ақмола облысында 9 жол жабылды

Халық үні

Ақмола облысында - 6, СҚО-да - 3 жол учаскесі жабылды

ашық дереккөзден

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында сағат 22:30-дан бастап 6 жол учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі.

Төменде көрсетілген жол учаскелері жабық тұр:
1) Астана-Петропавл 304-341 шақырым аралығы;
2) Көкшетау-Рузаевка 0-61 шақырым аралығы;
3) Көкшетау қаласының айналма жолы 0-18 шақырым аралығы;
4) Көкшетау-Омбы 2-50 шақырым аралығы;
5) Көкшетау-Атбасар 0-48 шақырым аралығы;
6)Астана-Петропавл 231-304 шақырым аралығы
(Щучинск қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі учаске).
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан өңірінде де бірқатар жол жабылды. Сағат 22:50-ден бастап жабық тұрған жол учаскелері:

1) Астана-Петропавл 341 -392 шақырым (Ақмола облысының шекарасынан Рощинское ауылына дейін);

2) Көкшетау-Рузаевка 61-196 шақырым (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейін);

3) Көкшетау-Омбы 50-85 шақырым (Ақмола облысының шекарасынан Чекалов ауылына дейін);

Қар тазалау жұмыстарын жеделдету үшін 18 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.