Оқиға орнында 5 адам қаза тапты
Атырау облысының Қызылқоға ауданында Сағыз - Миялы облыстық тасжолында Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысып, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
Toyota Ipsum көлігінің 3 жолаушысы және Lada Granta автокөлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді.
«Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды»,-дейді Қызылқоға аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Макеев.