Halyq Uni логотип
×

Рудныйдағы 6 жасар егіздердің өлімі: полиция мәлімдеме жасады

Рудный қаласындағы 6 жасар егіздердің өліміне қатысты 2 қылмыстық іс қозғалды

 Халық үні 22.10.2022 | 19:33
Рудныйдағы 6 жасар егіздердің өлімі: полиция мәлімдеме жасады
Фото: pexels.com

Рудный қаласындағы 6 жасар егіздердің өліміне қатысты 2 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаменті.

Ведомствоның хабарлауынша, Рудныйда балалардың өлім фактісі бойынша тергеу басталған. Қылмыстық кодекстің 2 бабы «Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, қызметтерді атқару немесе көрсету» және «Медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндетін дұрыс атқармауы» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетейік, 14 қазанда Рудныйда 2016 жылы туған ағайынды екі бала ауруханадан шыққаннан кейін 12 сағаттан соң қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Кейін егіз балалардың есірткіден уланған болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама