Осыған қарамастан жолаушылар тасымалы артқан
Қазақстандағы автобустардың 73%-ы тозған деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Биыл 9 айда қазақстандық автобус парктері 7 млн жолаушыны тасымалдады. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6%-ға көп.
Отандық автобус парктеріндегі жолаушылар айналымы – 31,6 млрд жолаушы-км.
Елдегі автобустардың төрттен үш бөлігінің (73%) пайдалану мерзімі 10 жылдан асып кеткен.
Қазақстанда барлығы 82 мың 960 автобус бар. Олардың басым бөлігі – Алматыда (10 мың 449 автобус). Ең аз саны Ақтөбе облысында: 2 мың 265 автобус.