Парашютші көк байрақты желбіретіп, Қазақстан рекордтар кітабына енді
Алматыда кәсіпқой парашютші Олег Тощев Республика күніне арналған «Ашық аспан» акциясында парашютпен еліміздің көлемі 800 шаршы метрлі мемлекеттік туын алып секірді. Ол аспанда көк байрақты желбіретіп, Қазақстан рекордтар кітабына енді.
Бұл акция Іле Алатауы таулары аясында Алматы облысының аумағында өтті.
Осы іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі, кәсіпкер Жомарт Қиястың айтуынша, парашютші Олег Тощев көлемі 800 шаршы метр болатын мемлекеттік туымызды алып, 3 000 метр биіктіктен секірді. Бұл ту Астананың басты флагштогында орнатылған тудан екі есе үлкен. Астанадағы тудың көлемі – 450 шаршы метр, – деді ол.
Олег Тощев парашютпен секіру бойынша әлемдік рекордшы. Ол 12 жылда 5 800 рет ұшақтан секірген. Парашютші осы акцияға бір ай дайындалған.
Акция кезінде Қазақстандық рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов парашютші көк байрақты алып секіргеннен кейін ұйымдастырушыларға рекордты растайтын сертификат табыс етті.
Осынау іс-шараны қолдаған кәсіпкердің бірі Құрманбек Жұмағалидің айтуынша, олардың бастамасын қатардағы қарапайым азаматтар қолдады. Оның айтуынша, акцияның мақсаты – отандастарымыздың патриоттық рухын көтеру, сонымен бірге ұлтына, дүниетанымына қарамастан бірі-біріне құрметпеу қарауды көрсету.