×

Ақсуда балабақша тәрбиешісі ерекше балаларды ұрып-соққан (ВИДЕО)

Аталмыш дерекке қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды

 Динара Амантай 22.10.2022 | 16:56
Фото: видеодан скриншот

Павлодар облысында балабақшалардың бірінде тәрбиеші ерекше күтімді қажет ететін балаларды ұрып-соққан. Аталған дерекке қатысты полиция тексеруді бастады деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

21 қазан күні Ақсу қаласының полициясына кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінен балаларға дене жарақатын келтірген №12 балабақшаның тәрбиешісіне қатысты шара қабылдау туралы ұжымдық өтініш келіп түсті. Осы өтініш бойынша полиция тексеруді бастады. Бейнежазбалар алынды. Қарау кезінде балабақша қызметкерінің кәмелетке толмағандарды ұрып-соққаны анықталды, – деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

44 жастағы тәрбиешіге қатысты ҚР ҚК-нің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ мектепке дейінгі мекеменің басшысына қатысты тәртіптік шара қабылдау үшін іс облыстық білім басқармасына жіберілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама