Олар Херсонның бір бөлігі мен Қырымда тұрған
Украина қарулы күштері ресейліктерге берген дрондарының ұшырылуын үйретіп жүрген 10 ирандық нұсқаушының көзін жойды.
Бұл туралы «The Jerusalem Post» басылымы хабарлады.
Украин қорғаныс күштерінің соққылары ресейліктер жаулап алған Херсон жерінде жүрген ирандық нұсқаушыларға да жаудай тиді.
21 қазан күні өз елінің Shahed-136 камикадзе-дрондарымен бірге Украинаға келген ирандық 10 нұсқаушы ажал құшты, – делінген хабарламада.
Негізі, Иран нұсқаушылары Ресей басып алған Херсонның бір бөлігінде, сондай-ақ Қырымда тұрған. Олардың мақсаты ресейліктерге дронды қалай пайдалану керектігін үйрету, Украинадағы нысандарды бақылау болды.
Израиль басылымының хабарын Пентагон да растады.