Дзюдо: Әбиба Әбужақынова тағы қола жүлдегер атанды
66 кг салмақта Есет Қуанов та үшінші орын алды
Дзюдодан Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан «Grand Slam» турнирінде Әбиба Әбужақынова тағы да құрмет тұғырына көтерілді.
Ол 48 кило салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Бұл сында алтын жүлдені Испанияның өкілі Фигеора Жулия алды. Екінші орынды итальян Милан Франческа иеленсе, үшінші орынды Әбиба Әбужақыновамен бірге қытай Го Цзиньин бөлісті.
Осы сында ерлер арасында 66 кг салмақта Есет Қуанов та үшінші орын алды.
Бұдан басқа кеше әйелдер арасында 52 және 57 кг салмақ дәрежесінде белдесулер өтіп, Испания, Франция және Корея құрамасы бір-бір алтын жүлдеге ие болса, Өзбекстан, Косово, Италия балуандарының бір-бір күміс медаль алды. Қола жүлдені Қытай, Сербия, Грузия, Израиль мен Италия спортшылары иеленді. Италияның қыздары 1 алтын, 1 қола жүлдеге ие болды.
Бұл додаға Қазақстанның ерлер құрама командасы да қатысып жатыр.