Halyq Uni логотип
×

Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

Президент жарлыққа қол қойды

 Дастан Жұмабекұлы 22.10.2022 | 09:13
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды
фото: ашық дереккөз

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды. Мемлекеттік сыйлықты беру туралы жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Президент жарлығымен Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы берілді:

1. Жайлыбай Ғалымға, ақын – «Ай таңбалы арғымақ» өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;

2. Жақыпбай Нұрқанатқа, режиссер – «Жібек» мюзиклі үшін;

3. Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлына, әнші – «Жүрегім, нені сезесің?» концерті үшін;

4. Сәукетаев Тұрыспекке, жазушы – «Желқайық» романы үшін;

5. Сегізбай Кәдірбекке, жазушы – «Тағдыр толқыны» романы үшін;

6. Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлына, мүсінші – «Үш арыс» мүсіндік композициясы үшін;

7. Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор – «Тәтті мұң» ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілді.

Жарлық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин 2022 жылғы Мемлекеттік сыйлықтың іріктеуіне қатысты пікір білдірді. 

Ол үздік қаламгер Тұрысбек Сәукетай ең соңғы іріктен өтпей қалғандығын, мұның қазақ қоғамының көкейкесті мәселелерін көтерген соқталы романның Мемлекеттік сыйлыққа жетпей қалуы – оқырман қауым үшін үлкен өкініш екендігін атап өткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама