×

Педофилдерді өлім жазасына кесу ұсынылды

Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылған

 Халық үні 22.10.2022 | 08:39
фото: tengrinews.kz

Қырғызстанда балалардың жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырау фактісінің өсуіне байланысты Қырғыз Конституциясында педофилдерге жаза ретінде өлім жазасын қарастыру ұсынылды. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылған. 

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің ресми деректеріне сәйкес, 2022 жылдың 8 айында ғана 14 жастағы кәмелетке толмаған балаға қатысты 1 кісі өлтіру (зорлау, жыныстық құмарлықты күштеп қанағаттандыру), 35 зорлау фактісі (14 жасқа толмаған балаларға қатысты – 15 жағдай, 14-тен 18-ге дейін -20), жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың 25 жағдайы (14 жасқа толмаған балаларға қатысты – 16 факт, 14 жастан 18 жасқа дейін-9) тіркелген.

Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің 61 депутатынан тұратын топ Қырғыз Республикасының Конституциясына өзгеріс енгізу туралы бастама көтерген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама