«Ондай құжат бар». Жазушы Мәншүк Мәметоваға қатысты бір сырды айтты
Мәншүк Невель қаласы үшін болған ұрыста жан тапсырған
Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл. Қаһарман қазақ қызының ғасырлық мерейтойы туған өлкесінде кең көлемде аталып өтуде.
Осы өңірден шықан үш батыр қыздың бірі – Мәншүк Мәметова. Ол 1943 жылы небәрі 21 жасында қыршын кетті. Мәншүк Невель қаласы үшін болған ұрыста жан тапсырған. Батырдың ерлігі еш уақытта ұмытылмайды.
Пулеметші қыздың есімін ұлықтау, даңқын дәріптеу ұрпаққа аманат дейді ұйымдастырушылар. Мерейтой тек салтанатты шарамен шектелмеді. Халықалалық конференция өтеді деп жоспарлануда. Оған қатысушылар Мәншүк Мәметованың өмір дерегін әлі де тереңірек зерттеу керек деген пікірде. Өйткені ол кісінің өмірінде әлі де ашылмаған құпия көп дейді. Тіпті жеке басына қатысты мәліметтердің өзінде шатасу бар екенін айтады.
Мәншүктің туған жылына байланысты әр тіүрлі әңгіме айтылып жүр. Біреулер 2, біреулер 15, 22 қазанда туды дейді. Тіпті желтоқсан айында туды деген мәлімет айтылады. Бұл жерде, менің ойымша, ресми құжатты басшылыққа алу керек. Ондай құжат бар - дейді жазушы Мақсат Тәж-Мұрат.