Halyq Uni логотип
×

Сәтпаев қаласындағы атысқа қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)

Қылмыс 18 қазанда болған еді

 Халық үні 21.10.2022 | 19:49
Сәтпаев қаласындағы атысқа қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)
фото: inform.kz

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында ер адамды атып кету қылмысына қатысы бар деген күдікпен тағы бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Қылмыс 18 қазанда болған еді. Сәтбаев қаласының тұрғынын өлтіруге оқталумен ұштасқан бұзақылық фактісінен кейін ҚР ІІМ-де тергеу-жедел тобы құрылып, көмек көрсету үшін Ұлытау өңіріне жіберілген.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған қылмысты жасады деген күдікпен 5 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Жанжалдың себептері анықталды, қылмыс құралы тәркіленді, - делінген полиция хабарламасында.

Мәлім етілгендей, қазір Сәтбаев қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Оның шеңберінде қоғамдық орындарда және көшелерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыс жандандырылды, ойын-сауық мекемелерінің маңында және азаматтардың көп жиналатын басқа да орындарында патрульдеу ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, атыс қаруына ие тұрғындар тексерілді. Оны сақтау шарттарын бұзудың 23 фактісі анықталды. Нәтижесінде 23 атыс қаруы тәркіленіп, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ұсынылған ақпаратта.

Сонымен қатар қалада автожолдарды патрульдеу күшейтілді.

Еске салайық, қылмыс 18 қазан күні тал түсте Сәтбаев қаласының орталығында орналасқан «Ulytau mall» сауда үйінің алдында болды. Салдарынан бір адам оқ және пышақ жарақаттарымен ауруханаға түсті. Күдікті ретінде 2 адам ұсталған болатын. Дәрігерлер ауруханаға жеткізілген 24 жастағы жігіттің жағдайын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама