×

Левандовски 600-ден астам гол салған үшінші футболшы атанды (видео)

Тізімді Криштиану Роналду мен Лионель Месси бастап тұр

 Дастан Жұмабекұлы 21.10.2022 | 16:28
фото: ашық дереккөз

Польша ұлттық құрама командасы мен «Барселона» клубының шабуылшысы Роберт Левандовски Криштиану Роналду мен Лионель Мессиден кейін XXI ғасырда 600-ден астам гол салған үшінші футболшы атанды.

«Барселона» клубының шабуылшысы кеше Ла Лиганың 10-турында «Вильярреалға» қарсы матчта дубль жасады. Бұл оның карьерасындағы 600 және 601-голы болды. Осылайша, 34 жастағы шабуылшы ХХІ ғасырда 600-ден астам гол салған үшінші ойыншы атанып отыр.

«Барселонаға» ауысқаннан кейін шабуылшы 14 матчта 16 гол салды. Ал «Бавария» сапында ол 375 ойында 344 доп соққан. Левандовски «Боруссияда» 186 матчта 103 допты торға тоғытты. Ол «Знич» сапында 21 гол, «Лех» құрамында 41 голдың авторы атанған.

Роберт Левандовски Польша құрамасы үшін 134 матчта 76 гол салған.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама